Қарағандыда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 1 адам көз жұмды

0
634

Қоғамдық көлікте болған жолаушылар жарақат алмаған.


Қарағандыда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 1 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласында жеңіл көлік пен маршруттық автобус соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

9 қараша күні Қарағанды қаласының Октябрь ауданында 30 жастағы BМW автокөлігінің жүргізушісі «Сетра» маркалы қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша жеңіл көлік иесі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.





«Жол көлік оқиғасынан BМW автокөлігінің жүргізушісі оқиға орынында көз жұмды. Оқиға кезінде қоғамдық көлікте болған жолаушылардың ешқайсысы жарақат алған жоқ. Аталған факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ПД баспасөз қызметі.