Қарағанды облыстық ТЖД өрт қоғамдық тамақтануға арналған үш нүктеде болғанын хабарлады.
ERNUR.KZ. Бүгін, 28 ақпанда, Қарағандыдағы «Алтын Арба» базарында өрт болды, деп жазады 24.kz.
Қарағанды облыстық ТЖД өрт қоғамдық тамақтануға арналған үш нүктеде болғанын хабарлады. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Қызыл жалын сауда бутиктеріне жетпеген.
"«Алтын Арба» базары аумағындағы жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрайтын үш тез тамақтану орнында өрт шықты. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. ТЖД қызметкерлері өртті 01:52-де сөндірді. Өрт себебі анықталуда", – делінген мәліметте.