Қарағандыдағы улану оқиғасы: бүгін үш бала ауруханадан шығарылады

0
429

Қазір жансақтау бөлімінде 6 бала жатыр.


Қарағандыдағы улану оқиғасы: бүгін үш бала ауруханадан шығарылады

ERNUR.KZ. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан улану диагнозымен ауруханаға түскен балалардың тағы үшеуі бүгін шығарылмақ, деп жазады ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, қазір жансақтау бөлімінде 6 бала жатыр. Олардың жағдайы – тұрақты ауыр. Нейробоксирленген бөлімшедегеі 3 баланың жағдайы тұрақты, нашарлау белгілері жоқ.

«Барлығы – 9 науқас, олардың екеуі балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде, қалған жетеуі облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық аурулар орталығында. Үш баланы шығару жоспарланып отыр», - деп мәлім етті басқармадан.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, оның біреуі қайтыс болды.

Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдар мен аумақтық прокурорларға елде осындай мекемелерге кешенді тексерулер ұйымдастыруды тапсырды.

Осы орайда, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балалаларға арналған мекемелердегі камераларды тікелей Жедел басқару орталығы мен жауапты органдарға қосу бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтты.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлағандай, ішек инфекциясына жүргізілген сынақ теріс нәтиже берді.

Балалардың нақты неден уланғаны белгісіз.

Талдау нәтижесі бойынша пациенттерден тамақтан улану расталмады.