Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға (шартты түрде) бас бостандығынан айырылды.
ERNUR.KZ. Қарағандыда «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысының алаяқтығына қатысты тергеу аяқталды – ол алты жылға бас бостандығынан айырылды (шартты түрде), деп жазады Zakon.kz.
2015-2019 жылдар аралығында Қарағанды магистральдық желі филиалының станцияларындағы жолдарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Құдайқұлов А.Б. жұмыс көлемін асыра бағалау арқылы «ҚТЖ» ҰК АҚ-дан жалпы сомасы 57 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы бюджетке қайтарылғанын атап өтті.
Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға (шартты түрде) бас бостандығынан айырылды.