"Қарағандылық қыз ​​орманнан өлі табылды": күдікті екі айға қамауға алынды

0
588

27 жастағы келіншектің екі баласы бар екені белгілі болды.


ERNUR.KZ. Қарағандыдағы орманнан өлі табылған Анастасия Шевякованы өлтірді деген күдікті қамауға алынды, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасын қабылдады", - деді сот.

Сондай-ақ, қайтыс болған 27 жастағы келіншектің екі баласы бар екені белгілі болды. Қазір олардың бірі емдеу мекемесінде, екіншісі шипажайда.