Қарақат Әбден Астанада кәсіпкерлермен жүздесті

0
390

Жүздесу аясында өзінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, шеберлер қойған сауалдарға жауап берді.


Қарақат Әбден Астанада кәсіпкерлермен жүздесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден елордада ұлттық киім тігетін және қолөнер бұйымдарын жасайтын кәсіпкерлермен жүздесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жүздесу аясында өзінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, шеберлер қойған сауалдарға жауап берді.
- Қуантарлығы, қазір түрлі салада дизайнмен айналысатын отандық мамандар да ұлттық нақышқа, ою-өрнекке ерекше ден қойып келеді, - дейді Қарақат Әбден.
- Ұлттық киім, ұлттық қолөнер – ол қазақтың бетпердесі. Қазақтың ұлттық киімдері, әшекейлері, бұйымдары барлығы маған өте жақын тақырып. Себебі біз сол бағытта жұмыс жасаймыз. Өзіміздің ойларымызбен бөлістік. Проблемаларды көтердік. Сұрақ-жауап ретінде жақсы отырыс болды, - деді тоқыма мектебінің өкілі Ләйлім Лаврқызы.