Ойыншы спорттық карьерасында аталмыш марапатты алғаш рет алды.
ERNUR.KZ. Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема "Алтын доп" иегері атанды, деп жазады vesti.kz.
Ойыншы спорттық карьерасында аталмыш марапатты алғаш рет алды.
"Реал" капитаны өткен жылы Ла Лигада өткізген 32 матчта 27 гол салып, 12 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Чемпиондар Лигасында алаңға 12 ррет шығып 15 гол соқты. "Бланкос" сапында Испания біріншілігін жеңсе, Чемпиондар Лигасының финалында "Ливерпульді" ұтты.
Осыған дейін француз футболшыларының ішінде "Алтын допты" Раймон Коп (1958), Мишель Платини (1983, 1984, 1985), Жан Пьер-Папен (1991) және Зинедин Зидан (1998) алған.
Төменде "Алтын допқа" үміткер ойыншылар тізімі:
1 — Карим Бензема ("Реал" Мадрид)
2 — Садио Мане ("Бавария")
3 — Кевин Де Брёйне ("Манчестер Сити")
4 — Роберт Левандовски ("Бавария")
5 — Мұхамед Салах ("Ливерпуль")
6 — Килиан Мбаппе (ПСЖ)
7 — Тибо Куртуа ("Реал")
8 — Винисиус Жуниор ("Реал" Мадрид)
9 — Лука Модрич ("Реал" Мадрид)
10 — Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити")
11 — Сон Хын Мин ("Тоттенхэм")
12 — Рияд Марез ("Манчестер Сити")
13 — Себастьян Аллер ("Боруссия" Дортмунд)
14 — Рафаэл Леау ("Милан"), Фабиньо ("Ливерпуль")
16 — Вирджил ван Дейк ("Ливерпуль")
17 — Каземиро ("Манчестер Юнайтед"), Душан Влахович ("Фиорентина") және Луси Диас ("Ливерпуль")
20 — Криштиану Роналду ("Манчестер Юнайтед")
21 — Гарри Кейн ("Тоттенхэм")
22 — Трент Александер-Арнольд ("Ливерпуль"), Фил Фоден және Бернарду Силва (екеуі де — "Манчестер Сити")
25 — Кристофер Нкунку ("РБ Лейпциг"), Антонио Рюдигер ("Челси"), Йозуа Киммих ("Бавария"), Жоау Канселу ("Манчестер Сити"), Дарвин Нуньес ("Ливерпуль") және Майк Меньян ("Милан").