Кәріздік люктерді заңсыз ашқан жағдайда хабар полиция қызметіне хабар беретін арнайы датчиктерді жасаумен айналысып жатқанын хабарлады.
фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Астананың кәріздік лютерін ұрылардан қорғау мақсатында арнайы датчиктер орнатылуы мүмкін, деп жазады Елорда Инфо.
Бұл туралы «Astana Innovation» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Қалада кәріздік люктерің ұрлығына қатысты өткір мәселе бар. Өткір болатыны көп ұрлағаннан емес, қуантатыны біздің полицейлеріміз ай сайын металл тапсыру нүктесін тауып, қылмыскерлерді анықтауда. Өткір болатыны, кәріз құдығының ашық жатуы қала тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіреді», - деп жазды ол.
Сондай-ақ ол қазіргі күні бірқатар мамандар кәріздік люктерді заңсыз ашқан жағдайда хабар полиция қызметіне хабар беретін арнайы датчиктерді жасаумен айналысып жатқанын хабарлады.
«Құдықтың қақпағы заңсыз ашылған жағдайда, полицияның ақпараттық қызметіне хабар беретін арнайы құрал жасап жатыр. Сәйкесінше, полиция жедел бұзушыларды анықтап, шара қолдану мүмкіндігіне ие болады. Өздеріңіз білесіздер, қала басшылығы коммуналдық проблемаларды шешу процессін инновациялық алаңға айналдыруды тапсырды. Сол себепті, біз осы мәселеге қатысты көптеген ұсыныстар мен шешімермен танысқымыз келеді», - деп жазды Олжас Сартаев.