Қарқаралы – Қарағанды тас жолындағы көлік апатынан екі адам қаза болды

0
978


Қарқаралы – Қарағанды тас жолындағы көлік апатынан екі адам қаза болды

2023 жылғы 26 қараша күні таңертең Қарқаралы – Қарағанды тас жолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, деп жазады zakon.kz

Instagram-дағы Patriotkaragandy парақшасында жарияланған ақпарға сүйенсек, тас жолда Lada Vesta мен Mercedes Benz көліктері соқтығысқан. Оқиға таңғы сағат 08:50-де Қарағанды – Қарқаралы жолының 1-шақырымында болған.
Mercedes Benz көлігінің 25 жастағы жүргізушісі мен оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Lada көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен оның 51 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.