Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем төленеді

0
599

Жыл сайын 1 қазан – Қарттар күні аталып өтеді.


Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем төленеді

ERNUR.KZ. Қарттар күніне орай елордада 91 672 зейнеткер біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп жазады sputnik.kz.

Жыл сайын 1 қазан – Қарттар күні аталып өтеді.
Биыл мерекеге орай 91 672 зейнеткерге 2,5 АЕК, яғни 7 950 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Төлемдердің жалпы сомасы 730 млн теңгені құрайды.
Төлем Астанада тіркелген және тұрақты тұратын жасына байланысты зейнетақы алушыларға беріледі.
Айта кетері, төлемдер 3 қазанға дейін төленеді.