Тінту кезінде олардан ұрланған қару тәркіленді.
ERNUR.KZ. Қарумен қашып кеткен сарбаздың сыбайластары ұсталды, деп жазады polisia.kz.
"Түркістан облысының әскери бөлімінен қару алып кеткен әскери қызметші мен оның екі азаматтық сыбайласын ІІМ және ҰҚК-нің бірлескен жедел-тергеу тобы ұстады. Тінту кезінде олардан ұрланған қару тәркіленді. Тергеу сотының санкциясымен ұсталған адамдар қамауға алынды. Сонымен қатар, жекелеген лауазымды адамдардың, оның ішінде әскери бөлім басшылығының қызметтік міндеттерге немқұрайлы қарағаны үшін жауапкершілігі туралы мәселе қарастырылуда. Тергеу жалғасуда" - делінген хабарламада.
Еске салайық 20 ақпанға қараған түні Түркістан облысындағы әскери бөлімнен келісімшарт негізіндегі әскери қызметшінің 30 автомат, 27 пистолет алып қашып кеткені туралы жазған болатынбыз.