Сондай-ақ, қаржы министрі "Қолайлы мектеп" және "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобаларының іске асырылуы туралы айтып берді.
ERNUR.KZ. Қазақстанда мамандандырылған техниканың бірыңғай базасын құру жоспарлануда. Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуды жетілдіру жөніндегі шаралар туралы үкімет отырысында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерболат Жамаубаев айтып берді, деп жазады sputnik.kz.
"Құрылыс жұмыстарын орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстары бар мердігерлерді іріктеу мақсатында меншікті құрылыс техникасының болуы туралы міндетті талап белгілеу ұсынылады. Ол үшін мамандандырылған техниканың (оның ішінде құрылыс техникасының) бірыңғай базасын құру жоспарлануда. Бұл олардың бар-жоғын автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді. Шаралар құрылыс жұмыстарын орындау үшін өзінің базалық техникасы жоқ мердігерлерді іріктеуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады Ерболат Жамаубаев.
Мемлекеттік сатып алуларда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларында құрылыс жұмыстарын қосалқы мердігерлікке заңсыз беруді шектеу үшін келесі жағдайларда сатып алу туралы шартты бұзу мүмкіндігін көздеу жоспарлануда:


