​Кәсіпкерлікпен айналысқан әкім жауапқа тартылды

0
1 061

Нәтижесінде 187 адам әкімшілік жауапқа тартылды


​Кәсіпкерлікпен айналысқан әкім жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Биыл мемлекеттік қызмет саласындағы заң бұзушылықтар үшін 187 адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп жазады Baq.kz.

2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі мен оның өңірлік департаменттері мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау желісі бойынша 194 әкімшілік іс қозғады. Оларды қарау нәтижесінде 187 адам әкімшілік жауапқа тартылды. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, әкімшілік өндірулер бойынша бюджетке 5,6 млн теңге түсті.

«Мысалы, адамдарды әкімшілік мемлекеттік қызметтен заңсыз шығарғаны үшін Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі Кодекстің 99 бабы 2 тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Оған 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Степной ауылдық округінің әкімі Кодекстің 154 бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің баспасөз қызметі.