Кәсіпорын басшыларына 89 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
фото: Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11 354 жұмыскердің құқығын қорғады, деп жазады sputnik.kz.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 102 кәсіпорны 408 жұмыскерге 284 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда 1 мыңнан астам рет еңбек құқығы бұзылған.
"Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 707 ұйғарым берілді және 89 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 354 жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 253 млн теңге төленді.


