Қаскелеңде 21 жастағы қыз мерт болды: күдікті – оның жігіті

0
115

Полиция қызметкерлері 20 жастағы жігітті жедел түрде ұстады.


Қаскелеңде 21 жастағы қыз мерт болды: күдікті – оның жігіті

ERNUR.KZ. Желіде Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында жас қыздың өлтірілгені туралы ақпарат тарады. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен, деп жазады baq.kz.

Полиция қызметкерлері 20 жастағы жігітті жедел түрде ұстады. Ол қызды өлтіруге қатысы бар деп күдіктелуде. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күдікті ізін суытпай ұсталған. Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Тергеу әрекеттері жалғасуда. Полицейлер қылмыстың мән-жайын, себептерін және барлық нұсқаларын тексеріп жатыр.