Каспий құбыр консорциумына қажетті жабдықтар Өскеменде шығарылатын болды

0
85

Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды.


Каспий құбыр консорциумына қажетті жабдықтар Өскеменде шығарылатын болды

фото: Пресс-служба "Каспийского трубопроводного консорциума" (КТК)

ERNUR.KZ. Астанада "Өскемен арматура зауыты" АҚ мен "Каспий Құбыр Консорциумы-К" АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп жазады sputnik.kz.
Өнеркәсіптік жабдықтың импортын алмастыру саласындағы құжатқа "Өскемен арматура зауыты" АҚ бас директоры Александр Будрис және Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбан қол қойды.
"Ынтымақтастық бекіткіш арматураның, сорғы агрегаттарының және электр қозғалтқыштарының жергілікті өндірісін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ магистральдық мұнай құбыры объектілерінде қолданылатын отандық жабдықты кеңейтуге, қазақстандық ірі құбыр арматурасын өндіруші мен мұнай көлігі инфрақұрылымының негізгі операторларының бірі арасында орнықты кооперацияны қалыптастыруға бағытталған", - деп атап өтті үкімет.
Келісім шеңберінде тараптар "КҚК-К" АҚ-ны қазақстандық тектес жоғары технологиялық материалдармен, жинақтауыштармен және жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жаңғырту және сынауды жүргізуге, сондай-ақ инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге және енгізуге ниетті.
Жалпы қуаттылығы жылына 83 миллион тонна мұнайды Каспий құбыр консорциумы мұнай құбыры жүйесі бұл – мұнайды Каспий өңірінен әлемдік нарықтарға тасымалдаудың ең ірі бағыты және Қазақстан үшін негізгі бағыт. КҚК бойынша Қазақстаннан экспорттық мұнайдың 80% айдалады, ал мұнай – ел бюджетінің негізі.