50 гектары ашық отпен жанып жатыр
Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Жағалаудағы қамыс өртінің аумағы ұлғайған.
"Оның ішінде 50 гектары ашық отпен жанып жатыр. Қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 38 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылармен бірге жалынды ауыздықтауға "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватынан 28 қызметкер және 9 техника, 4 мотопомпа тартылды", - делінген хабарламада.