Каспий теңізінде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

0
284

Әскери іс-шара теңіз кемесінде өтеді.


Каспий теңізінде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

фото: Пресс-служба министерства обороны Казахстана

ERNUR.KZ. Қазақстанның терроризмге қарсы күрес орталығы 8 қарашада Каспий қайраңында оқу-жаттығулар өтетінін хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Оқу-жаттығулар жағалаудан 25 шақырым жерде теңіз кемесінде өтеді. Орталық авиацияны пайдаланады, сонымен қатар лаңкестік оқиғаларға қатысты шұғыл әрекет ету бойынша оқу-жаттығу шарасы жоспарланған.
"Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, оған қатысы бар мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз", - деп хабарлады терроризмге қарсы күрес орталығы.
Ақтаулық "Бриз" яхта клубында мемлекеттік органдардың арнайы бөлімшелерінің катерлерін суға түсіру жұмыстары пысықталады, деп ескертті орталық.