Жерасты дүмпулерінің күші 3,1 балға жеткені хабарланды.
Фото: aa.com.tr/ru
ERNUR.KZ. Бүгін, 20 қаңтарда сағат 08:22-де Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады, деп жазады inform.kz.
Ақтау уақыты бойынша сағат 08:22-де тіркелген жерасты дүмпулерінің күші 3,1 балға жеткені хабарланды.
Жер сілкінісінің ошағы 16 шақырым тереңдікте жатыр.
Айта кетейік, Каспий теңізінде соңғы рет жер сілкінісі 2024 жылдың 31 желтоқсанында тіркелген болатын.
Осыған дейін Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған едік..
- ҚР ҰЭО Геофизикалық зерттеулер институты мәліметтер орталығының шұғыл деректері бойынша, 2025 жылдың 11 қаңтарында Астана уақытымен сағат 16:15-те (Гринвич бойынша 11.15) Алматыдан солтүстік шығысқа қарай шамамен 77 км қашықтықта жер сілкінді, -делінген хабарламада.