Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты РФ Президентіне көңіл айтты

0
153

Амур облысы губернаторының мәліметінше, "Ангара" әуекомпаниясына тиесілі ұшақ бортында 43 жолаушы (соның ішінде 5 бала) және 6 экипаж мүшесі болған.


Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты РФ Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты РФ Президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.