​Қасым-Жомарт Тоқаев Астана билігін сынады

0
2 375

Елорда тұрғындары зардап шегіп жатыр, халықаралық абыройына да нұқсан келді.


​Қасым-Жомарт Тоқаев Астана билігін сынады

ERNUR.KZ. Cенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана билігін табиғат құбылысына дайын болмағаны үшін сынады, деп жазады Today.kz.

Өз пікірін спикер Twitter желісіндегі парақшасында жазған.

"Президенттің тапсырмасына қарамастан Астана қатты жаңбыр мен басқа да табиғат құбылыстарына дайын емес. Елорда тұрғындары зардап шегіп жатыр, халықаралық абыройына да нұқсан келді. Бұл мәселені елорданың 20 жылдығына дейін шешуге болар еді. Сенаторлар шұғыл шешім қабылдауды талап етеді" – деп жазды Тоқаев.

Естеріңізге салайық, Астанада 20 тамыздан 21-іне қараған түні бір айлық жауын-шашын түскен.

Жаңбыр 21 тамызда да жауды. Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов елорда билігі қаланың әлсіз тұстарын білетінін мәлімдеді.

Әкімдіктің мәліметінше, 2018 жылдың соңына дейін бөлінген қаржыландыруды ескере отырып, 2 ТҚ-ның (Логистикалық орталық ауданында, М-2 көліктік айырма ауданында) құрылысын аяқтау, 7 жаңбырлық су кәрізіндегі 7 насостық станцияны (Мечта СҮ, Ш. Құдайбердіұлы көшесінде, Абылай хан даңғылында, Сығанақ және Сауран көшелері қиылысқан аймақта, Республика даңғылындағы жерасты өткелі орналасқан аймақта, Француз кварталы ТҮК аймағында, "Астана Арена" стадионы аймағында) 2 ағыс канализацияның магистральды коллекторы, (Ғабдуллин көшесінде, Алаш тас жолындағы жолайырықта) жөндеу жоспарлануда. Аталған аймақтарды экспулатацияға енгізу су жинайтын орынды 609,4 гектарға дейін үлкейтуге мүмкіндік береді, мықты жиынтықталған тазалау құрылғыларының тәулігіне 12,2 мың текше метрге дейін өсуін қамтамыз етеді.

Астана тұрғындары елорданы Венециямен салыстырды. Жаңбыр қоғамдық көлікке де кіріп кеткен.