Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен белсенді түрде айналысу керек»

0
349

«Үкімет осы мәселеге айрықша назар аударуға тиіс».


Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен белсенді түрде айналысу керек»

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев шикізат өндірісіне ғана сеніп отыруға болмайтынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Мен былтырғы Жолдауымда осы салаға қатысты нақты тапсырма бердім. Үш жыл ішінде агроөнеркәсіп саласындағы өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға жеткізу туралы міндет қойылды. Бұл бағытта ауыз толтырып айтарлықтайжұмыс жасалып жатқан жоқ.

Қазіргі таңда тек шикізат өндірісіне ғана сеніп отыруға болмайды. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен белсенді түрде айналысу керек. Үкімет осы мәселеге айрықша назар аударуға тиіс. Ауыл шаруашылығымен шұғылданам деушілердің санын мейлінше көбейту керек. Дақыл түрін көбейтіп, егіннің шығымын арттырып жатқан диқандарға жан-жақты қолдау көрсеткен жөн.

Сондай-ақ, бірыңғай жер салығын қолдану мәселесін қайта қарастыру қажет. Себебі, іс жүзіне келгенде, біраз түйткілдер бар. Негізгі талап – салық төлеуді жеңілдету ғана емес. Ең бастысы, шаруалар жерді тиімді пайдаланып, барынша мол өнім беруге ұмтылуы керек»,- деді Президент.


Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларын «бір терезе» қағидасымен жүзеге асыру қажет, яғнисалалық қаржы институттарының қызметін бір жерге біріктірген жөн екендігін жеткізді.


«Аграрлық несие корпорациясының әлеуетін арттырып, оған әкімдіктердің ауыл шаруашылығын субсидиялау құзыретін беру қажет. Ол үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне жеңілдетілген несие және субсидия беру қызметтерін бірыңғай цифрлық платформаға біріктіру керек», деді Қ.Тоқаев.