Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптады

0
746

Дональд Трампқа қастандық жасалып, ол құлағынан жарақат алып, көп қан жоғалтқан.


Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өміріне жасалған қастандықты қатаң айыптап, оның тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлау науқаны аясында Пенсильванияда сөйлеген сөзінде оған оқ атылып, саясаткер құлағы қанаған күйі сахнадан кетуге мсәжбүр болғаны хабарланды.
"АҚШ-тың бұрынғы президентінің Батлер қаласындағы өз жоқтастары алдында сөйлеген сөзі небәрі бірнеше минутқа созылды. Саясаткер заңсыз көші-қон проблемалары туралы айтқан кезде күтпеген жерден сөзін үзіп, үнсіз қалды. Кенеттен атыс естіліп, Трамп құлағын қолымен басқан күйі мінбер артына отыра кетті", - деп жазылған материалда.
Бірнеше минуттан кейін оққағарлары Трампты қоршаған күйі оны іс-шара аумағынан алып кетті. Куәгерлер экс-президенттің құлақ тұсы қан екенін байқаған.
Кейіннен Дональд Трамп құлағынан жараланып, көп қан жоғалтқаны және Пенсильвания штатындағы ауруханалардың бірінде ем алғаны белгілі болды. Трамп қазір ауруханадан шығарылып, оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
New York Post басылымы жазғандай, митинг кезінде оқ атқан 20 жастағы Томас Мэтью Крукс екені анықталды. Ол сахнадан 100 метрдей жерде орналасқан кәсіпорынның төбесінде жасырынып, жоспарын іске асырған.
Атыс кезінде бір көрермен қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алды.
Осы оқиғаға қатысты әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлер пікір білдіріп, мұндай қастандықты қатаң сынға алатындарын жеткізді.