Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап берді

0
135

Дональд Трамп АҚШ-қа келетін импортқа баж салығын енгізетінін мәлімдеді және 14 елдің тізімінде Қазақстан да бар


Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап берді

фото: Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін айтты", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.
Еске салайық, Дональд Трамп АҚШ-қа келетін импортқа баж салығын енгізетінін мәлімдеді. 14 елдің тізімінде Қазақстан да бар. АҚШ-қа жеткізілетін тауарларға қатысты республикаға 25% көлемінде баж салығы салынады.