Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.
Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.
Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.