Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бұрынғы Федералдық Президенті Хорст Кёлермен кездесті

0
780

Хорст Кёлер сабақтастық дәстүрі ел дамуына тың серпін беретінін және Қазақстанды Еуразиядағы тұрақтылық орнаған аумақ санайтынын айтты.


Мемлекет басшысы Германияның бұрынғы Федералдық Президенті Хорст Кёлермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар келер жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлерінің конференциясына дайындық барысын, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясындағы ықпалдастық шараларын, сондай-ақ, әлемдегі саяси ахуалды талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда қолға алынған жаңа стратегиялық бағдарламалар жайында және өзінің Сайлауалды тұғырнамасында айтылған сабақтастық, әділдік, өрлеу қағидаттарының іске асырылуы туралы айтты.

Хорст Кёлер сабақтастық дәстүрі ел дамуына тың серпін беретінін және Қазақстанды Еуразиядағы тұрақтылық орнаған аумақ санайтынын айтты.