Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

0
333

Иранның оңтүстігіндегі портта жойқын жарылыс болған болатын.


Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

фото: kazgazeta.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Бендер-Аббас қаласының «Шахид Раджаи» теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.
Осыған дейін Иранның оңтүстігіндегі портта жойқын жарылыс болғанын жаздық.
Сондай-ақ Иран портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 500-ден асқаны мәлім болды.