Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

0
199

Израиль Президенті биыл Қазақстанға сапармен келеді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

Израиль тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылады. Сондай-ақ өзара тиімді екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін сақтауға дайын екендерін растады.

Израиль Президенті биыл Қазақстанға сапармен келеді.