Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.
Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.
Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.
Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келетіндігін жазған едік.