Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

0
119


Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, деп жазады kaz.zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2025 жылдың 11 шілдесінде ақпарат берді.

Мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.