Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады

0
242

Румен Радевтің аса жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.


Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеделхатта Румен Радевті «Прогрессивті Болгария» коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа құрылған ынтымақтастық бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі беки түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Румен Радевтің аса жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.