Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки қарсы алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Жидда қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки қарсы алды.
Ол Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады. Қазақстан президентінің келуіне орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жидда қаласында өтетін "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі"атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.