Қасында 55 жастағы еркек болған: Қарағанды облысында жоғалған қыз қараусыз үйден табылды

0
969

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Қасында 55 жастағы еркек болған: Қарағанды облысында жоғалған қыз қараусыз үйден табылды

ERNUR.KZ. 26 сәуір сағат 22:26-да Қарағанды облысына қарасты Қаражал қалалық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны шағымданып, кәмелет жасқа толмаған қызының жоғалғанын хабарлаған. Іздеуге полиция қызметкерлері, қалалық әкімдік, төтенше жағдай қызметкерлері және еріктілер қатысып, қала төңірегін түгел шарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Іздестіру барысында қараусыз қалған үйлердің бірінен 55 жастағы азамат ұсталды. Оның қасында жоғалған қыз бала болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.