Қатарды «тазарту» керек – Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлықпен күрес туралы

0
990

Елбасы үздік елдердің тәжірибесін сіңіру керектігін айтты.


Қатарды «тазарту» керек – Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлықпен күрес туралы

ERNUR.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлықпен күресті күшейту мәселесін көтерді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлықпен күресті барынша күшейтіп, қатарды «тазарту» керек. Бұл туралы көп айтып келеміз. Сайланған Президент те жақында осы мәселе туралы айтып кеткен болатын. Әлбетте, біз де, агенттік те жұмыс істеп жатыр. Алайда біз бұл күреске халықты тартқан жоқпыз. Сингапурда тәртіп бар: егер мен өз әріптестеріммен бір кабинетте жұмыс істесем, біреу жемқорлыққа барғалы жатса, ол туралы мен айтпасам – сол үшін мені жазалайды. Бізде тіпті ондай психология да жоқ», - деді Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Елбасы осы ретте үздік елдердің тәжірибесін сіңіру керектігін айтты.

«Егер біз бәрін өзімізден бастамасақ, бұл дертті жеңе алмаймыз. Иә, ІІМ, ҰҚК, агенттік жұмыс жүргізіп жатыр. Ал бізде керісінше, заң бұзушыларды қорғау қалыптасып қалған», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетсек, елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.