Қатарынан екі суицид болған жоқ: Абай облысындағы оқушы өліміне қатысты Білім басқармасы пікір білдірді

0
436

Басқарма бір мектепте қатарынан екі суицид жағдайы орын алды деген ақпаратты жоққа шығарды.


Қатарынан екі суицид болған жоқ: Абай облысындағы оқушы өліміне қатысты Білім басқармасы пікір білдірді

ERNUR.KZ. Абай облысының білім басқармасы жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан мектеп директоры мен сынып жетекшісінің қызметінен кеткенін мәлімдеді. Басқарма бір мектепте қатарынан екі суицид жағдайы орын алды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады stan.kz.

Жасөспірімнің ата-анасы болса, барлығы жоғары сынып оқушыларының әлімжеттігінен деп отыр. Сөздерінше, оқиға болардан бір күн бұрын төбелес орын алған екен.

Мектеп басшылығы болса, бұл баланың ол төбелеске қатыспағанын айтады.

Ал сол мектептегі өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген тағы бір бала сабаққа бармай, тығылған.

“Ол сабақта болмаған соң сынып жетекшісі іздей бастаған үйіне барып, ата-анасымен бірге іздеген. Бала сабақтан қашып қорада тығылып, сол жерде шоколад жеп отырған жерінен табылды”,- деді Абай облысы Білім басқармасының басшысы Әсем Нүскенова.

Бұл іс бойынша өзге ақпараттар әлі жарияланбаған. Тергеу жалғасуда.