Қазақ анимациясы АҚШ-тағы халықаралық фестивальде жүлде алды

0
68

Туындының авторлық қолтаңбасы мен көркемдік ерекшелігі назар аудартты.


Қазақ анимациясы АҚШ-тағы халықаралық фестивальде жүлде алды

ERNUR.KZ. "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі шығарған "KÖLEÑKE" анимациялық жобасы АҚШ-та өткен PFCAT (Portland Festival of Cinema, Animation & Technology) халықаралық фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды, деп жазады inbusiness.kz.


18+ туынды хоррор-анимация жанрында "Өзгеше көзқарас пен шығармашылық шеберлік үшін" марапатталды. Фестиваль қазылары жобаның авторлық қолтаңбасы мен көркемдік ерекшелігін жоғары бағалаған.

Анимациялық жобаны отандық мамандардан құралған шығармашылық топ әзірледі. Сценарий авторы – Ернар Тілеубаев, қоюшы режиссері – Мақсат Аяпов, қоюшы суретшісі – Даир Жиенқұлов, атқарушы продюсері – Нұржігіт Сұлтанберді.

Сонымен қатар "Қазақанимацияның" фолк-хоррор жанрындағы "Su perisi" және "Shańyraq" драмасы фестивальдің негізгі бағдарламасына енді. Туынды Портленде алғаш рет шетелдік көрерменге ұсынылды.