Қандасымыз 33 жасында осындай құрметті атаққа қол жеткізіп отыр.
ERNUR.KZ. Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кеше Өзбекстан Республикасы Президентінің бір топ өнер, мәдениет, спорт және қоғам қайраткерлерін мемлекеттік атақтармен марапаттау туралы Жарлығы шықты, деп жазады ҚазАқпарат.
Солардың арасында этникалық қазақ, әйгілі опера әншісі Жеңісбек Пиязов «Өзбекстан халық әртісі» атағын алды.
Күніне 7-8 сағат дауыс жаттықтыратын Жеңісбек Пиязов жетістіктерге масаттанып, тоқмейілсуді білмейтін еңбекқор жан. Тынымсыз еңбегінің арқасында 2013 жылы Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының магистратурасына гранттық негізде оқуға түсті. Сонымен бірге, консерватория жанындағы «Музыкалық театр студиясында» опера әншісі ретінде қызмет етуде.
Сондай-ақ, Жеңісбек Пиязов Ла-Скалада өнер көрсеткен тұңғыш орта азиялық әнші.
Бүгін Өзбекстан Президенті Ш. Мирзияевтің қаулысымен Жеңісбек Пиязов бауырымызға «Өзбекстан халық әртісі» атағы берілді. Қандасымыз 33 жасында осындай құрметті атаққа қол жеткізіп отыр.