Ол киллерге 20 мың доллар төлеуге дайын болған.
ERNUR.KZ. Қызылордада сұмдық жағдай орын алды. Полицейлер кісі өлтіруге тапсырыс беру қылмысын ашты, деп жазады Zakon.kz.
9 шілдеде шұғыл тергеу шарасы барысында бұрынғы күйеуін өлтірту үшін Түркістан облысының тұрғынын 20 мың долларға жалдаған 48 жастағы қызылордалық әйел ұсталды.
Орындаушы қылмысқа барудың орнына полицияға келген.
"Кісі өлтіруге тапсырыс берген әйел киллерді Шымкентке шығарып саларда 20 мың долларын күйеуінің мүлкін сатқаннан кейін төлеуге уәде еткен. Алдын-ала төлейтін ақшасын беру кезінде әйел ұсталып, қамауға алынды. Оған қарсы ҚР қылмыстық кодексінің 24 бабы, 3 б. бойынша (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға әрекеттену) және 99 бабы, 2-бөлігінің 8-тармағы (кісі өлтіру) бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде" – деді полиция өкілдері.