2021 жылғы маусымда мақал-мәтелдер (қазақ мақал-мәтелдері) бесінші топтағы ұлттық материалдық емес мәдени мұра жобаларының ауыз әдебиеті санатындағы өкілдік жобалар тізіміне енгізілді.
ERNUR.KZ. Қытайда қазақ мақал-мәтелдері шырақтарға, ағаш тақтайшаларға жазылып, туристердің қызығушылығын оятты, деп жазады baq.kz.
Тақтайшаларда “Терең су тыныш ағады, білімді адам кішпейіл болады”, “Білім қайда болса да, ізденгенге табылар”, “Бекер келген қазынадан, еңбекпен келген қозы артық” және басқа да мақал-мәтелдер жазылған.
Өмірлік даналық пен қарапайым философияға толы қазақ мақал-мәтелдері шырақтарға немесе ағаш жолақтарға жазылып, алыс-жақыннан келген туристерді өзіне баурады, - делінген қытайлық БАҚ-тың хабарламасында.
Қазақтың қысқа да нұсқа мақал-мәтелдері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, құнды мәдени мұра мен рухани байлыққа айналды. Олар өмір энциклопедиясы ғана емес, сонымен қатар ақындар айтысының да маңызды қайнар көзі.
2021 жылғы маусымда мақал-мәтелдер (қазақ мақал-мәтелдері) бесінші топтағы ұлттық материалдық емес мәдени мұра жобаларының ауыз әдебиеті санатындағы өкілдік жобалар тізіміне енгізілді.
Жергілікті халықтың өмірінде кең тараған халық ауыз әдебиетінің бір түрі ретінде қазақ мақал-мәтелдері қысқа да нұсқалығымен, тілге жеңілдігімен, бейнелілігімен ерекшеленеді. Олардың мағынасы терең, ғибраты мол. Онда Шыңжаңның әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, моральдық көзқарастары мен қағидаттары сіңіріліп, дәуірмен бірге дамып, “алтын тіл” деп аталды.