"Қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын қысқарту керек" - Анна Данченко

0
2 635

Бұл жазба желі қолданушылары арасында талқыға түсті.


ERNUR.KZ. Тележүргізуші Анна Данченко қазақ тілінінің мәртебесін қалай көтеру керек екенін айтты. Журналист ұлты өзге болғанымен қазақша ойлайтынын талай айтқаны есімізде. Нақты талап қойғанда ғана қазақ тілін үйренушілер саны артады дейді тележүргізуші, деп жазады Stan.kz.


"Орыс тілінің (ҚР Конституциясының 7-бабы) ресми тіл екені жөніндегі түсініктемені алып тастаса деймін. Мәселен, мен қазақша білмеймін дейік. Жұмыс берушінің басты талабы - қазақ тілін білу міндетті екені айтылса. Заң талабына сәйкес, қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын 30 пайызға дейін қысқартса. Сіз келіссеңіз де, келіспесеңіз де сондай заң солай. Бірақ ешкім жалақысының қысқарғанын қаламайды. Жұмысшы ақша керек болғандықтан қазақ тілін үйренеді. Ол ақша жерде шашылып жатқан жоқ. Адамдарға осылай сабақ беру керек. Егер бұл елде қазақ тілінің дамығанын қаласақ, әрбір азаматтың қазақша сөйлегенін қаласақ, заң тұрғысында осындай талап қою керек. Адамдар қорқытқанда ғана, өзіне қолайлы емес болғанда ғана, мақсатына жетеді", - деді Анна Данченко.


Бұл жазба желі қолданушылары арасында талқыға түсті. Бірі тележүргізушіні қос қолдап қолдаса, бірі енді қарсы шықты.


"Әлі бір қазақ мынадай ұсыныс айтпаған қателеспесем, дұрыс айтады", "Әй, осы қызды келін қылып алу керек еді", "Дұрыс қосыламын. Маған салса елу пайызын қысқартып тастар едім. Ана тілін менсінбей жүрген шала миларға дұрыс болар еді", "Ризамын ғой осы қызға", "Ұлты қазақ болмаса, оларды күштеп қазақша үйрету керекпіз бе? Бұл зорлық емес пе?".

"Мемлекеттік тілді білу - міндет. Мен бір мекеменің басшысы болсам, қазақ тілінен тест жасатып барып, онда да 80 -100 пайыз жинаса, қабылдар едім. Қалған 20 пайызды жұмыс барысында әріптестерінен үйренер еді. Жерін басып, ауасын жұтып, суын ішіп, нанын жеп жүрген соң, жергілікті тілді де, халқын да сыйлау керек", "Біз қажет болған кезде орыс тілін үйрендік, олар да қажет болса үйренеді зорламай-ақ".

"Радикалды әдіс дұрыс деп ойламаймын. Өйткені қазақ тілінде өзге ұлт өкілі қызығатындай пайдалы ақпарат жоқтың қасы (ғылыми материалдар, әлемдік әдеби кітаптар , фильмдер). Одан кейін екінші мәселе өзге ұлттың өкілдері арасында білікті мамандардан айырылып қалумыз мүмкін. Әзірге министрлік пен депутаттарға қазақ тілін міндеттеген жөн деп ойлаймын. Ескере кететін жайт ғылыми, әлемдік әдеби пен фильм салалары қазақ тіліне аударылмай тіл мәселесін шеше алмаймыз", - деп жазды олар.