Ағылшын тілінде жақсы сөйлейтін мемлекеттерде экономикалық, саяси жағдай жоғары деңгейге көтерілген.
ERNUR.KZ. EF Education First компаниясы ағылшын тілін білу деңгейі бойынша әлемдік рейтингті жариялады. Аталған тізімдегі 88 елдің ішінде Қазақстан "ең төменгі нәтиже" көрсетіп, 80-ші орынға аяқ тіреген, деп жазады NUR.KZ.
Рейтинг нәтижесі 88 елдегі 1,3 млн респонденттің қатысуымен өткен.
Ал индекс төрт сатыға, яғни, ең жоғары, жоғары, төмен және өте төмен деңгейлерге бөлінген.
Тізімдегі елдердің көшін Швеция мемлекеті бастаған. Зерттеу барысында дәл осы елдің халқы ағылшын тілінің ең жоғары деңгейін көрсетіпті. Рейтинг нәтижесінде екінші орынға Нидерланды тұрақтаса, үздік үштікті Сингапур мемлекеті қорытындылаған.
Ағылшын тілінің жоғары деңгейін Польша, Филиппин және Швейцария елдері көрсетсе, орташа деңгей Үндістан, Нигерия және Гонконг мемлекетіне тиесілі болған.
Рейтинг нәтижесі бойынша бұл тілді нашар білетін мемлекеттер қатарына Грузия, Чили мен Қытай енген.
Ал Қазақстан "ең төменгі нәтиже" көрсетіп, 80-ші орынға жайғасқан. Тізімнің соңын Ливия мемлекеті аяқтапты.
Зерттеушілердің сөзінше, ағылшын тілін жетік меңгерген Еуропа болып қала бермек.
Одан бөлек, бұл тілде жақсы сөйлейтін мемлекеттерде экономикалық, саяси жағдай жоғары деңгейге көтерілген.
Мамандардың сөзінше, әлем бойынша ағылшын тілінде әйелдер ер азаматтарға қарағанда жақсы сөйлейді.