Әсіресе халық арасындағы осал топқа жататын тұрғындарға қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
фото: egemen.kz
Елімізді әлеуметтік тұрғыдан дамытуға серпін беретін бірден-бір басты бағыт – азаматтарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау саласы. Осы орайда Қазақстан Республикасының билігі соңғы бірнеше жылда тың тәжірибелерді енгізіп, жаңа бастамаларды іске асыру арқылы біршама оң нәтижеге қол жеткізе алды. Әсіресе халық арасындағы осал топқа жататын тұрғындарға қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Атап айтар болсақ, бірер жыл бұрын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына реформа жасалып, ел тұрғындары жинақтарының белгілі бір бөлігін тұрғынүй мәселесін шешуге және медициналық көмек алуға жұмау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі онлайн платформаға ауыстырылып, жұмысынан айырылған және еңбекке жарамсыз болып қалған азаматтардың төлемі автоматты режимге ауысты. Яғни, бұл санаттағы азаматтар өздерін өздері сақтандырмаса да, әлеуметтік қолдауларға ие бола алады. Әлеуметтік ахуалды көтеру тұрғысында іске асырылған тағы бір жемісті жоба – атаулы әлеуметтік көмектің реформалануы. Сондай-ақ, соңғы жылдары азаматтарға психологтар тегін көмек көрсетіп, онлайн платформа арқылы қашықтан әңгімелесу қызметі қалыптасты. Мүмкіндігі шектеулілер санатына жататын тұрғындардың иігілігіне жарап жатқан тағы бір өзгеріс – олардың өздеріне қажетті құрал-жабдықтарды сандық платформа арқылы таңдай алуы десек, қателеспейміз.Бүгінде елімізде «enbek» онлайн платформасы арқылы қажетті қызметтерді жедел әрі жеңіл алуға және қызмет барысын қашықтан бақылауға болады. Тіпті, мемлекеттік жәрдемақыға ие болу процесі де онлайн режимде жүзеге асырыла береді.
Соңғы жылдары Қазақстанда жаңа әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірегейі – қазақстандықтардың табысын ұлғайтуға арналған «Халық табысын арттыру» бағдарламасы. Осы бағдарлама шеңберінде 2023 жылдан бері екі миллионнан аса азамат әлеуметтік қолдау шараларының шарапатын көрген. Сонымен қатар, қазақстандықтарды жұмыспен қамту саясатын табысты түрде іске асыруға негізделген жол картасы аясында жүз мыңға тарта азамат екі қолға бір күрек ұстаған. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып-қағып отырған жанұяларға да арнайы жәрдемақылар тағайындалып, бала күтушілерге де төлем беріліп келеді. Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылдары елімізде әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі ұлғайып, зейнеткерлерге берілетін төлем мен ең аз жалақы мөлшері өскен.
Өткен жылы мемлекеттік деңгейдегі бірнеше ең негізгі әлеуметтік проблема анықталған болатын. Олар – есірткі тәуелділігі, қарыз, отбасындағы зорлық-зомбылық әрекеттері мен қоғам арасында кеңінен насихатталатын агрессия. Сәйкесінше, аталған мәселелерді шешу мақсатында жаңа заңдық құжаттар бекітіліп, заң нормаларының өз деңгейінде орындалуы жіті бақылауға алынған еді. Одан бөлек, ел тұрғындарының тұрмысы түзеу мақсатында жаңаша «Әлеуметтік Кодекс» бекітіліп, көптеген тиімді өзгерістер орын алды.
Ал, биылғы жылдың басында зейнетақы мен барлық әлеуметтік көмектің көлемі 6,5 пайызға арттты. Тағы бір айта кетерлік жаңалық – ұзақ мерзімге негізделген реформалар аясында қазақстандықтарға берілетін зейнетақы көлемі 2027 жылға дейін 70-120 пайыз аралығындағы деңгейде көтерілмек. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында Қазақстан Республикасы халықаралық рейтингте үздік отыздыққа еніп, Азия және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында көш бастап тұр. Тіпті, еліміз зейнетақы жүйесін дамыту тұрғысынан жоғары деңгейлі елдерден де асып түскен. Қазіргі таңда зейнетақы бойынша әлемдегі орташа көрсеткіш 3,7 болса, Қазақстанның көрсеткіші – 3,5-ті құрап тұр. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау саласын электрондық форматқа көшіру және тұрғындарды көмекпен қамтамасыз еті тұрғысынан жоғары көрсеткішке ие болды.
Соңғы ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 2 млн 470 мыңнан аса зейнеткер бар екен. Оларға берілетін зейнетақының орташа мөлшері – 143 мың теңгеден асады. Жалпы, биыл әлеуметтік қолдау бағытына ел қазынасынан 6 млрд 108 млн теңге бөлінсе, бұл көрсеткіш 2026 жылы 6 млрд 765 млн-ға, ал 2027 жылы 7 млрд 385 млн теңгеге жеткізіледі деп жоспарланған.
Қазақстандағы әлеуметтік қорғау саласын дамыту үрдісі азаматтарды жұмыспен қамту саласына да серпін беріп келеді. Мәселен, жұмыспен қамту және инфрақұрылым саласында биыл 50-ге жуық жоба іске асырылып, жиырма мың жаңа жұмыс орны ашылуы керек. Ал келер жылы 25 мыңға жуық, 2027 жылы 28 мыңға тарта жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Ал осы уақытқа дейін еліміздежалпы құны 73 трлн 7 млрд теңгені құрайтын жобалар іске асырылып, 30 мыңнан аса жаңа жұмыс оры ашылыпты.
Өткен жылдың соңындағы ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі кедейлі деңгейі бес пайызды құраған. Бұл көрсеткіш 2001 жылы 47 пайызға жуық болған екен. Демек, елімізде әлеуметтік даму саясаты тиімді іске асырылып келе жатқандай.
Б.Мейірханұлы,