​Қазақстан алты елге бензин экспорттауды көздеп отыр

0
864

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.


​Қазақстан алты елге бензин экспорттауды көздеп отыр

ERNUR.KZ. Қазақстан алдағы айлардың ішінде Қырғыз Республикасы, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мен Ауғанстан елдеріне бензинді экспорттауды бастамақ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қырғызстаннан бір апта бұрын жауап келді. Осы аптада немесе қаңтардың алғашқы онкүндігінде тиісті органдамен келісіп алсақ, менің орынбасарымды Қырғызстанға жіберетін боламыз. Қол қойса (...), ақпан айынан бастап Қырғызстанға экспортты бастаймыз. Осындай мәселелерді Армения және Беларусьпен де талқылап жатырмыз. Олардың өздері «бензинді сатып алайық» деп сұрап жатыр. Сондықтан, бұл мәселе Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттермен талқылану үстінде», - деді министр.

Сонымен бірге, Қанат Бозымбаев Еуразия экономикалық одағына енбейтін Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне де бензинді экспорттау туралы сөз қозғады. Министрдің айтуынша, құжат жұмыстары аяқталған жағдайда наурыз айынан бастап Өзбекстанға және Тәжікстан, Ауғанстанға бензинді тасымалдауға жол ашылады.

«Сондықтан, бұл мәселені бір екі айдың ішінде шешетін боламыз деген ойдамын», - деді Қанат Бозымбаев.