Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды

0
914

Бұл туралы еліміздің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды

ERNUR.KZ. 18 тамыздан бастап Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

18 тамыздан бастап Республика аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге жарты жылға шектеу қойылды. Хабарлама Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы бұйрығына негізделген.

Айта кетейік, егер Еуразиялық одақ елдерінде экспортталатын ағаш тауарлар кедендік рәсім бойынша тіркелсе және Қазақстан аумағы арқылы басқа елдерге транзитпен өтетін болса, шектеу қойылмайды. Сонымен қатар тауарларды транзиттеу кезінде оларды басқа көлік құралдарына тиеп, партияларды бөлшектеу Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары айқындаған жерде жүргізіледі.