Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алды

0
1 399

Жарыстың бірінші күні Қазақстанға медальді 40 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Александра Беленко әперді.


Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы Леон қаласында (Мексика) өтіп жатқан ауыр атлетикадан ұлдар мен қыздар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы медальді жеңіп алды, деп жазады Sports.kz.

Жарыстың бірінші күні Қазақстанға медальді 40 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Александра Беленко әперді. Ол жұлқа көтеруде 125 келі және серпе көтеруде 70 келі көтеріп, қола жүлдегер атанды. Үндістандық Аканша Вявхаре 127 келі (59+68) көтеріп, күміс жүлдегер атанса, колумбиялық ауыр атлет Лорен Эстрада Велес 128 келі (55+73) нәтижемен алтын медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ, Александра Беленко серпе көтеруде шағын күміс медальді де еншіледі.