Қазақстан, Әзербайжан және Грузия арасындағы бастамаға Түркия қосылуға ниетті

0
826

Бұл бағыт бойынша жүк тасымалдау туралы "Қазақстан Темір Жолы" АҚ ҰК басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев баяндады.


Қазақстан, Әзербайжан және Грузия арасындағы бастамаға Түркия қосылуға ниетті

ERNUR.KZ. Түркия Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның даму жөніндегі бастамасына қосылуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазақстандық делегацияның Әзербайжан мен Грузияға сапарының қорытындысы бойынша бірлескен құжатқа қол қойылды. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев құжаттың негізгі мақсаты Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тығыз ынтымақтастықты дамыту және бірыңғай логистикалық компания құру екенін айтты.
Сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан және Грузия арасындағы бұл бастамаға Түркия Республикасы қосылуға ниетті", - делінген хабарламада.

Бұл бағыт бойынша жүк тасымалдау туралы "Қазақстан Темір Жолы" АҚ ҰК басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев баяндады. Ол бүгінде жүктердің негізгі номенклатуралары (көмір, кокс, ферроқорытпалар және т.б.) бойынша вагондар мен контейнерлер арқылы тасымалдауға арналған кешенді тариф мөлшерлемесі бекітілгенін айтты.

Сонымен қатар, Сауранбаев бұған дейін "Атамекен" ҰКП мәлімдегендей, Қытай тарапының теміржол тасымалы тарифтерін едәуір өсіргеніне қатысты ақпарат расталмағанын мәлімдеді.

"Ақпарат үшін айта кетейік, бүгінге дейін күнделікті өткізіліп келген Жедел штаб отырыстарын енді бизнес-қауымдастық өтініші бойынша аптасына екі рет өткізуге шешім қабылданды. Жедел штабтың келесі отырысы 17 наурызда өтеді", - делінген хабарламада.