Қазақстан Әзірбайжан мен Иран кемелеріне қызмет көрсетуді тоқтатты

0
1 023

Шетелдік жүк кемелерінің экипаждары үшін Ақтау және Құрық порттарында кемелерінен шығуға шектеу қойылды.


Қазақстан Әзірбайжан мен Иран кемелеріне қызмет көрсетуді тоқтатты

ERNUR.KZ. Қазақстанның теңіз порттарында Әзірбайжан мен Ираннан келетін кемелерге қызмет көрсету уақытша тоқтатылды, деп жазады zakon.kz.

Коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі биыл 5 наурыздан бастап Әзірбайжан мен Ираннан келетін теңіз кемелерінің Ақтау және Құрық порттарында қызмет көрсетудің уақытша тоқтатылғандығы туралы мәлімдейді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Шетелдік жүк кемелерінің экипаждары үшін Ақтау және Құрық порттарында кемелерінен шығуға шектеу қойылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер халықаралық тасымалдаумен айналысатын қазақстандық кеме экипаж мүшелерінің портта кезекшілігін ауыстыру кезеңіне бақылауды күшейтеді.
Қабылданған шаралар туралы ақпарат Каспий маңы мемлекеттерінің теңіз әкімшілігінің назарына жеткізіледі.