Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ ақпаратында айтылған.
ERNUR.KZ. 20 наурызда бұл компания Баку порты бағытында одан әрі жеткізу үшін экспортқа 6 900 тонна қазақстандық мұнайды тиеп жіберген, деп жазады inbusiness.kz.
Жіберілген мұнай - Қашағанның мұнайы. Мұнай жөнелтуші - INPEX North Caspian Sea, Ltd.
"Қазақстандағы INPEX North Caspian Sea, Ltd филиалының директоры Хироши Икеданың айтуынша, сынақ ретінде жіберілген жеткізілім Транскаспий бағытына қарай теміржол тасымалы арқылы Қашаған мұнайына арналған экспорттық маршруттарды әртараптандыру мүмкіндігін көрсетті. Хироши Икеда "ҚазТрансОйл" АҚ ұжымына және процеске қатысқан басқа да ұйымдарға қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес уақтылы орындалған жұмысы үшін алғысын білдірді. INPEX North Caspian Sea, Ltd өкілі сондай-ақ компания Қазақстан Республикасының Үкіметімен және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-мен бірлесіп резервтік экспорттық маршруттарды дамыту жөніндегі ынтымақтастықты жалғастыратынын айтты, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан Махачкалаға экспорттау үшін 325 мыңнан астам мұнай жөнелткенін еске саламыз.