Қазақстан бала тәрбиелеу мәселесі жөнінде рейтингте соңғы орынға шықты

0
1 365

Қазақстан бұл тізімдегі 73 елдің ішінде 73-орында.


Қазақстан бала тәрбиелеу мәселесі жөнінде рейтингте соңғы орынға шықты

ERNUR.KZ. Қазақстан «Бала тәрбиесі жөнінде ең жақсы елдер» рейтингісінде 73-орынға ие болды. Мұндай деректерді US News хабарлады, деп жазады Stan.kz.

2020 жылғы «Балаларды тәрбиелеудегі үздік елдердің» рейтингі жаһандық сауалнамаға, сондай-ақ сегіз түрлі көрсеткіштер бойынша жиынтыққа негізделген: адам құқықтарын сақтау, отбасын құрметтеу, гендерлік теңдікке қол жеткізудегі қоршаған орта, бақыт деңгейі, табыс теңдігі, қауіпсіздік деңгейі, мемлекеттік білімнің дамуы және денсаулық сақтау жүйелері.

Рейтингтің үздік бес елі: Дания, Швеция, Норвегия, Канада және Нидерланды. 6-дан 10-ға дейінгі орындар: Финляндия, Швейцария, Жаңа Зеландия, Австралия және Австрия.

Қазақстан бұл тізімдегі 73 елдің ішінде 73-орында. 2019 жылы Қазақстан рейтингте көрсетілген 80 елдің ішінде 74-орынға ие болғандығы атап өтілді.