Қазақстан Бейжің Олимпиадасында медаль жеңе алмады

0
2 429

Олимпиаданың жабылу салтанаты ертең өтеді.


Қазақстан Бейжің Олимпиадасында медаль жеңе алмады

ERNUR.KZ Қазақстан Қытайда өткен Қысқы Олимпиадада медаль жеңе алмады. 19 ақпанда ұлттық құрамада соңғы болып Надежда Морозов өнер көрсетті. Алайда спортшы мәреге 14-ші болып келді, деп жазады Stan.kz

Надежда Морозованың күейуі Дмитрий де Олимпиадада медальсыз қалды. Ол 19-шы болып мәре сызығын аттап, финалға өтпеді.

Шаңғы марафонында Евгений Величко 43-ші болып мәреге келді. Ауа райы қолайсыз болғандықтан шаңғы марафонының арақашықтығы 30 шақырымға дейін қысқарған.

Шорт-трекшілер ғана топ-6 құрамына ене алды. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахмет, Ольга Тихонова мен Яна Хан эстафетада 5-орынды иеленді. Ал 500 метрге жүгіруде Абзал Әжіғалиев 4-орын иеленген. Бұл құрамадағы үздік нәтижесі болып отыр.

Осылайша Әжіғалиев 40 000 доллар, ал өзге шорт-трекшілер 10 000 доллардан алады. Олимпиаданың жабылу салтанаты ертең өтеді.

Қысқы Олимпиадада Норвегия үздік нәтиже көрсетті. Норвегиялық спортшылар 15 алтын, 8 күміс, 12 қола медаль иеленген. Екінші орынға Германия, үшінші орынға АҚШ орналасты.